Best analytics service

Add your telegram channel for

  • get advanced analytics
  • get more advertisers
  • find out the gender of subscriber
Category
Channel location and language

audience statistics Tengri.kz

 Tengrinews.kz  сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Өзекті ақпарат - өз уақытында. 
12 2480
~0
~0
0
Telegram general rating
Globally
51 478place
of 78 777
174place
of 224
In category
2 746place
of 3 169

Subscribers gender

Find out how many male and female subscibers you have on the channel.
?%
?%

Audience language

Find out the distribution of channel subscribers by language
Russian?%English?%Arabic?%
Subscribers count
ChartTable
D
W
M
Y
help

Data loading is in progress

User lifetime on the channel

Find out how long subscribers stay on the channel.
Up to a week?%Old Timers?%Up to a month?%
Subscribers gain
ChartTable
D
W
M
Y
help

Data loading is in progress

Hourly Audience Growth

Data loading is in progress

Time
Growth
Total
Events
Reposts
Mentions
Posts
Since the beginning of the war, more than 2000 civilians have been killed by Russian missiles, according to official data. Help us protect Ukrainians from missiles - provide max military assisstance to Ukraine #Ukraine. #StandWithUkraine
Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар үшін еңбек визасы пайда болуы мүмкін Бүгін Астанада Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөздері өтті. "Халықтар арасындағы байланыстардың маңыздылығын ескере отырып, министр Пак Чжин екеуміз екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, әсіресе Қазақстанды "Кореяның" жұмысқа рұқсат беру жүйесіне қосу біздің еліміз үшін өте маңызды екеніне назар аудардым", - деді Мұрат Нұртілеу брифинг барысында.
Show more ...
1 547
8
Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге қылмыстық жауаптылық жойылуы мүмкін. Әділет министрлігі мәліметінше, тиісті түзетулер Мәжіліс қарауына жіберілген.
1 144
5
Президент жұмыс сапарымен Алматыда Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.

video_2023-05-31_10-45-12.mp4

1 934
0
Әр отбасынан 500 теңгеден: ақтаулықтар жолды өздері салып алған Ашынған тұрғындар төрт жыл бұрын пайдалануға берілген жаңа шағынауданда тұрады. Ауданда құрылыс әлі де жалғасып жатыр. Тұрғындар ол жерден пәтер сатып алғанда сапалы инфрақұрылымға үміттенгеніне шағымданады. Әкімдік бір жылдың ішінде жолдарды асфальттауға уәде берген. Әйтсе де, мәселе сөзден әрекетке көшкен жоқ. Күтуден шаршаған қалалықтар өз күштерімен трассаның шағын бөлігін - 500 метрді тегістеп тастады. Бірақ олар асфальт төсеу тым қымбатқа түседі дейді. Әкімдік бұл аумаққа су құбыры тартылып жатыр, сондықтан бұл жерге әлі асфальт төсеу мүмкін емес деп жауап берді.
Show more ...
1 977
0
Президент 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады. Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.
Show more ...
1 974
1
Жазғы демалыста қандай оқушыларға лагерьге тегін жолдама беріледі? Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, кейбір санаттағы оқушыларға лагерьлерге тегін жолдама беру мүмкіндігі қарастырылған. Яғни оның ішінде: • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; • жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға; 👇🏻 Толығырақ
Show more ...
2 566
2
Әлеуметтік желіде аула сыпырушы ағайдың жұмыс істеп жүріп билеген көңілді видеосы тарады. Біз ролик кейіпкерін таптық. Видеода Бостандық ауданының жол жұмысшысы - Владимир Алексеевич Легостаев. Бір қызығы, оның бүгін туған күні. Ол 66 жасқа толып отыр. Оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі видео қуанышты сәтке тамаша сыйлық болған.

IMG_4555.mp4

2 537
1
Мәскеуге дронмен шабуыл жасалды Тұрғындар жарылыс дауысын естігенін хабарлап жатыр. Baza Telegram-арнасының мәліметі бойынша, дрон тұрғын үйдің 16-қабатындағы пәтердің терезесіне түскен. Үй тұрғындары эвакуацияланған. Қала мэрі Собяниннің сөзінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Ал Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев бірнеше дрон атып түсірілгенін мәлімдеді.

IMG_5344.mp4

2 906
5
Енді көлікке VIP-мемлекеттік нөмірді онлайн таңдауға болады Осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі. Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің "Smart Bridge" сервистер витринасында орналастырылған. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформада, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.
Show more ...
3 494
3
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қытаймен 2-3 айдың ішінде визасыз режим енгізілуі мүмкін екенін айтты.

WhatsApp Video 2023-05-29 at 16.33.31.mp4

3 234
0
Президенттің баспасөз хатшысы Путиннің Тоқаевқа жазған хаты туралы айтты БАҚ-та Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Владимир Путиннің Қасым-Жомарт Тоқаевқа Садыр Жапаров арқылы хат тапсырғаны түсірілген видео тараған болатын. Кадрда Қазақстан басшысының хатты оқып, Ресей президентіне басын изеп, жазбаны қалтасына салғанын көруге болады. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған хаттың мазмұнын айтты: 👉🏻Толығырақ
Show more ...

IMG_2701.MP4

3 197
1
Кореяда қазақстандық қыздар жолдағы әрекеті үшін жазалануы мүмкін 27 мамырда оңтүстіккореялық Инчхон қаласында полиция Қазақстанның 39 жастағы азаматын бөлімшеге шақырды. Ол жергілікті жол жүру ережесін өрескел бұзған. "А" есімді азамат 24 мамырда 18:15-те Инчхон қаласының жолдарының бірінде K5 автокөлігін өте қауіпті деңгейде жүргізген. Желіде жарияланған видеода қазақстандық қыздар 27 жастағы "Б" және 22 жастағы "С" есімді қыздар көліктің артқы бөлігіндегі терезелерден шығып, қолын көтерген", - дейді оңтүстіккореялық полицейлер. Қазақстандық жігітке қатысты тергеу шаралары басталған. "Полиция тергеуі нәтижесінде жүргізуші қыздардан олай істемеуін өтінгенгенін және бұл қауіпті екенін айтқан". 27 жастағы қыз жағдайды былай түсіндірді: "Ол мезетте мен бақытты едім, себебі менің Кореядағы құрбым босанды. Мен барлығы дұрыс деп ойладым, өйткені біздің елде мұндаймен мәселе жоқ", - деп жазады басылым қазақстандықтардың сөзін. Полиция қазақстандық қыздарға қатысты "қосымша тергеу" жүргізетіні белгілі болды.
Show more ...

IMG_2696.MP4

2 907
5
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Александр Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. ⠀ "Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен әзілін бағаладым. Менің ойымша, бұған қажеттілік жоқ, өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, ол бізге қажет емес, өйткені біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімге қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша өз міндеттемелерімізге берік боламыз". ⠀ Еске салайық, бұған дейін Беларусь басшысы Александр Лукашенко ресейлік журналистің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанды одақтас мемлекетке "шақырған" болатын.
Show more ...

IMG_7270.MP4

2 605
1
Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу не тұрғын үй сатып алуға ала алады Биыл 1 шілдеден бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлер тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалана алады. 👉🏻Толығырақ
2 760
7
Үкімет әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетінін жария етті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға ұлғайтылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды. Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.
Show more ...
2 929
2
Мемлекет басшысының осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді. Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды. 2 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Show more ...
3 752
0
Түркияның Жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші кезең қорытындысын жариялады. Нәтижесінде, Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,14 пайыз дауысын жинап жеңімпаз атанды. Енді ол Түркияны 2028 жылға дейін басқарады.

SaveInsta.App - 3112837773286967750.mp4

3 334
5
Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде қалай демалатыны белгілі болды. Құрбан айт мейрамы сәрсенбі 28 маусымда болады. Сондықтан қазақстандықтар 26, 27 маусымда жұмыс істеп, 28 маусымда демалады. Ал 29-30 маусымда қайта жұмыс істейді. Қайырлы күн!
3 382
2
Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Автордың айтуынша, жолдан өтіп бара жатқан адам қонақтар мен мейрамхана қызметкерлеріне ағаштың құлайтынын ескертіп үлгерген. Алматы әкімдігі 25 мамырда сағат 22:15-те құтқару қызметіне Абай даңғылы бойындағы, 21 мекенжайда "Акунин" дәмханасының жазғы алаңы аумағында ағаш құлағаны туралы хабарлама түскен. "Маман қызметкерлі мен Медеу әкімдігі сараптама тағайындады. Қажетті жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізуге шешім қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін таңғы уақытта төтенше жағдайлар бригадасының мамандары келіп, ағаштарды кесіп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.
Show more ...

фыафыафыафыаыф.mp4

3 940
2
Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық болады Синоптиктер 27-29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Қазақстанда тәуліктік ауа температурасы жоғарлайды: • батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, • солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, • солтүстікте +20-30 градусқа дейін, • орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, • оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, • таулы аймақтарда +10-15 градус, • шығыста негізгі фон + 23-28 градус.
Show more ...
3 748
3
Павлодар облысы Ертіс ауылында 41 жастағы тұрғын Орталық стадион аумағында ішкиіммен жүрген. Келген полицейлерге ер адам десантшы екенін және Орталық стадионды күзетіп жүргенін айтқан. Ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Оның шешімімен 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды және үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.
Show more ...

IMG_7181.MP4

3 328
0
Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құрамына кіруге ниетті емес - Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Еуразиялық экономикалық форумда Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі туралы айтты. "Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы жақында Мәскеу қаласында өткен II Еуразиялық экономикалық форумға қатысты. Президент жиын барысында бүгінде сарапшылар қауымдастығы кеңінен талқылап жатқан бірқатар мәлімдеме жасады. ЕАЭО аясындағы интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – Президенттің негізгі ұстанымы. Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді. Президент атап өткендей, экономикалық интеграция – бұл түпкі мақсат емес, ол экономиканы дамытудың және халықтарымыздың әл-ауқатын арттырудың негізгі құралдарының бірі. Яғни, ұйым аясында қабылданатын кез келген шешім оның әрбір мүшесіне және, ең алдымен, олардың азаматтарына пайдасын тигізуі тиіс. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі интеграция мәселесі қозғалды. Бүгінде ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты. Бұл – ерекше прецедент. Мемлекет басшысының пайымынша, шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды. Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ".
Show more ...
3 046
2
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді. Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады. Сонымен қатар, бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.
Show more ...

IMG_2625.MP4

3 136
1
Әлеуметтік желіде BMW түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген. "Мен оған ескерткен едім, ол: "Өзгенің ісіне араласпа", - деп жауап берді. Сосын мұның бәрін неге бүлдіріп жатқанын сұрадым. Ол: "Қалағанымды істеймін" деді ме, сол сияқты бірдеңе деп жауап берді", - дейді видео сыртындағы дауыс. Видеоның сипаттамасында оқиға Талдықорған-Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы гүлдер алқабында болғаны айтылған. Осыған байланысты редакциясы пікір алу үшін Жетісу облысының Полиция департаментіне жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі тексеріп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз деп жауап берді. Осыдан кейін Алматы облысының полициясына сауал жолдадық. Олар да оқиға орнын анықтайтындарын айтты. Tengrinews.kz редакциясы бұл оқиғаны бақылайды.
Show more ...

IMG_2624.MP4

3 000
1
Қазақстанда жыл басынан бері қанша педофил сотталған? Осы жылдың төрт айында кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталған 352 адам пробация қызметінің есебінде тұр. Департамент сотталғандарға қатысты арнайы шаралар қолданылатынын мәлімдеді. "Сотты болғандардың тұрғылықты жерін, мінез-құлқын, оның ішінде интернет желісіне қосылған байланыс құралдарын электронды бақылау түрінде жүзеге асырылады", - делінген ресми жауапта. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан бері 114 сотталған адамға электрон бақылау қолданылған.
Show more ...
2 877
3
"Сағат қысқарады". Ғани Бейсембаев 25 мамырды қайтарудың тиімсіз тұстарын айтты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 25 мамырды қайтарудың тиімсіз тұстарын айтты. Бұл туралы ол Үкіметтің кулуарында бөлісті. Оның айтуынша, соңғы қоңырау күнін 25 мамырға қайтару тиімсіз. "Бұл мәселе бойынша, бірінші кезекте, мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені біз бірден 25 мамырды қайтара алмаймыз. Бұл - нақты мемлекеттік стандарттың бағдарламасы. Оны бірден қалпына келтірсек, ол басқа да өзгерістерге әкеледі. Мәселен, 6 күндік оқу жоспарына және оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе жай ғана қайтара салатын дүние емес. Бастысы, дұрыс сараптамадан өтуі керек", - деді Ғани Бейсембаев.
Show more ...
2 839
3
Қауіп өте жоғары - Смайылов Абай облысындағы өрт туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы орман өртінің қаупі туралы айтты. 25 мамырдағы жағдай бойынша облыстағы жағдай ерекше бақылауда, өрт әзірге оқшауланған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары желдің салдарынан қиындап тұр. "Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толық бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл - әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті", - деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ, Смайылов Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғысын білдірді.
Show more ...
2 912
0
Тоқаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Ресей мен Беларусь одақтастығы туралы айтты. Тоқаев ЕЭО құрамындағы Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекет екеніне назар аударып, бірақ сонымен бірге интеграцияның басқа деңгейі - Қазақстан, Қырғызстан және Арменияның да бар екеніне назар аударды. Ол бұл жағдайда қалай жұмыс істеу керегін нақтылауды сұрады. "Әлемдік саяси тарихта "Екі ел – бір мемлекет" формуласы бойынша мемлекет құрудың бірегей прецеденті немесе феномені жасалды. Бірыңғай одақтық үкіметпен, бір одақтық парламентпен. Кешірім өтінемін, тіпті ядролық қару да қазір екі мемлекетке ортақ болып тұр", - деді Қазақстан Президенті.
Show more ...

plani_1.mp4

2 923
2
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов оқу жылының 31 мамырға дейін ұзартылуына қатысты пікір білдірді. Мәжіліс кулуарында журналистер экс-министрден оқу жылы аяқталатын уақытты ауыстыру қаншалық дұрыс болғанын сұрады. "Оқу жылын созу жақсы қабылданбайтынын білдім, бірақ дәл сол уақытта бұл шешім керек деп ойладық. Тиісті министрліктің өз құзыреті бар. Өзі айналысады. Әр меморганның, депутаттың өз құзыреті бар. Министрліктің де. Біздің міндет - заң қабылдау. Қабылданған заңдардың орындалуы мәселесі. Тиісті жұмыс істейміз", - дейді ол.
Show more ...
2 765
1
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа жейдесі таныстырылды Ойын жейдесі үш түрлі – үйдегі (сары), қонақтағы (көк) және қосымша (қара). Экипировканың дизайны Қазақстандағы ең үлкен спорттық дизайн жасаушы компания – Creeeon-ның "Errea Sport" мамандарымен бірлесуі арқылы жасалды. Процесс барысында біз жанкүйерлеріміздің ойын тыңдап, ұлттық нақыштағы бейнелер мен символикаларға дауыс беруіне мүмкіндік бердік. Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа жейдесімен алғашқы ойындарды 2023 жылдың маусым айында Сан-Марино және Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.
Show more ...

SaveInsta.App - 3109733221336617190.mp4

2 567
6
Last updated: 11.07.23
Privacy Policy Telemetrio