El servicio también está disponible en su idioma. Para cambiar el idioma, presioneEspañola
Best analytics service

Add your telegram channel for

  • get advanced analytics
  • get more advertisers
  • find out the gender of subscriber
Category
Channel location and language

all posts Narikbi LIVE

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст 💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071 📍 Amsterdam, Netherlands 
19 471-15
~6 998
~7
30.55%
Telegram general rating
Globally
35 693place
of 78 777
122place
of 224
In category
320place
of 558
Posts archive
Қосылыңыздар 🙌
2 526
0
Ал, қазақ тілді трансляцияға кіріңіздер. acm icpc final. Мен, Нәріби және КЗ құрама командаларының тренелері болады. Қызық болады.
2 315
18
ACM ICPC Finals Салем, бұйырса 17-19 қыркүйек аралығында Астанада боламын. Мақсат - ACM ICPC Finals (әлемдік спорттық бағдарламалау финалы) біздің елордада өтеді. Бұл не мағына береді дегенде жауап берейін. Мен мектеп кезінен информатикадан есеп шығарып, олимпиадаларға қатысатын едім. Басында ол аудандық, қалалық басталып, кейін республикалық және халықаралық жарыстар ауысады. Мен бәріне қатысып шықтым. Алайда, университетке түскенде бұл мүлдем басқа деңгейге өтеді. Біз әлемдік чемпионаттарға қатыса бастадық. Кәдімгі спорттағыдай ол жерде ширек-финал, жартылай-финал және финал кезеңдері бар. Бұл командалық спорт түрі. 3 адамға 5 сағатқа 10 шақты есеп беріп, кім алға шықса, келесі кезеңге өтеді. Менің командам жартылай финалдан ары қарай өтпеді. Ал, Қазақстан болса біраз уақыт финалға шыға алмай келді. Басты себебі, өту үшін ресейлік командалармен бәсекеге түсу қажет, олар болса осал емес. Бірақ, соңғы жылдары жағдай өзгеріп, тіпті қазақтың баласы жақында алтын алып, чемпион атанып келді. Ал кезінде әлемнің түкпір түкпірінде өтетін біз армандаған финал осы Астанада өтеді. Жүз жылда бір болатын жағдай мен үшін. Бұл финалға кезінде осы телеграмның негізін қалаушысы Павел Дуровтың ағасы Николай Дуров кезінде алтын алып топ жарған. Қазіргі күні ChatGPT жасайтын адамның біразы осы финалдарға қатысқан. Қысқасы, біздің мамандықтың іріктелген мықтылары жиналады. Сіздерге Аман екеуміз бұйырса қазақ тілінде лайв трансляция жасауға тырысамыз. Фотоларда менің мектептегі және универдегі кездерім)
Show more ...
4 845
14
Жанәділ Талдыбаев: әлем оқушыларын IT оқытатын 100 млн стартап / Narikbi LIVE #101 Бүгінгі шығарылым қонағы Codiplay халықаралық стартапының негізін қалаушы - Жанәділ Талдыбаев. Codiplay - бұл әлемнің 13 елінде 300 астам мектептерде жұмыс істеп жатқан, оқушылардың IT сауаттылығын көтеретін платформа. 4 жыл бұрын ғана басталған бұл компания қазіргі күні $100 млн valuation (оценка), қазіргі тартып жатқан инвестициясы $20 млн. Жанәділ бұл идеяның қалай келгені, ақша жоқ болып тұра, ковид кезінде пәтері мен көлігін сатып компанияны бастағанын баяндап берді. Одан бөлек Корей мемлекетіндегі мединица саласындағы бизнесін талдап, бұл елді де талқылап шықтық. Одан бөлек еліміздің өңірлерінде қалай білім сапасын арттыруға болатынын да айтып шықтық. Қысқасы, бұл эпизод әлемді өзгерткісі келетін адамның қандай жол өтіп шығуы керек жайлы деп ойлаймын.
Show more ...
6 335
16
Мади Фазл: Алжирге сапар, жеке өмір, білім саласы / Narikbi LIVE #100 Бүгінгі подкаст қонағы белгілі полиглот - Мади Фазл. Мадимен алғашқы подкасттан кейін не өзгерді, халықаралық отбасы құрудың ерекшеліктер, Алжир мемлекеті туралы, білім алу саласының қазіргі жағдайын айтып өттік. Және де бізде кішігірім мерейтой! Бұл біздің 100 эпизод. Қолдап келе жатқаныңызға көп рахмет!
5 597
13
Абдрашит Түлкібай: мидің мүмкіндіктері, депрессия, салмақ тастау / Narikbi LIVE #99 Бүгін подкаст қонағы белгісі психофизиолог маман - Абдрашит Түлкібай. Біздің қозғаған тақырыптар кең ауқымды болғанымен, бәрі ми және оның мүмкіндіктерінің айналасында болды. Не үшін салмақ тастау біздің миымызға байланысты? Адам депрессия екенін қалай анықтаймыз? Неге адам жиі қарыз болып қала береді? және т.б. сұрақтарды қозғап шықтық.
6 818
16
Нұрлыбек мырзаның өмір жолын кім қарап үлгерді? Ғылымға қызығып кеткен адам бар ма? Жалпы, қандай әсер алдыңыздар? Ұялмай пікір қалдырып кетсеңіздер. Шыны керек, көбі осындай қонақтарды жиі шақыра бермейді. Ал маған керісінше, осы саланың адамдарымен сұхбаттасу ерекше ләззат береді. Сол сезімімді жеткізе алдым ба екен деген сұрақ қой.. Айтпақшы, бұйырса жақын күндері тағы бір қызық тұлғамен таныстырамын..
5 945
0
Достар, бүгінгі подкаст шығарылымы мен үшін ерекше. Бұл қонағымыз өзіміздің Атыраудан шығып әйгілі Stanford университетінде PhD жасап, қазіргі таңда АҚШ-та сәтті фармацевтикалық компанияның негізін салушы болып табылады. Біздің заманымыздың Қаныш Сатпаеві деп ойлаймын. Әлемді ғалымдар өзгертеді. Сол себепті жаңа қонағымыздың ғылымға арнаған өмірін, жүрген жолымен таныса кетіңіздер.
Нұрлыбек Мүрсәлі: Атыраудан Stanford-қа, АҚШ-тағы 15 жыл, $20 млн бизнес / Narikbi LIVE #98
Осы подкасттың шығуына үлес қосқан Allur - Қазақстанның ең ірі автокөлік компаниясына алғысымызды білдіреміз https://www.instagram.com/allur.kz Бүгінгі қонағымыз Stanford университетінің түлегі, биотехнология PhD, ғалым әрі кәсіпкер - Нұрлыбек Мүрсәлі. Осы сұхбат барысында біз Нұрлыбектің Атыраудан Америкаға жолын, ғылыми зерттеулер жолында өткен қызық оқиғаларын талқылап шықтық. Тағы біз Нұрлыбектің АҚШ нарығында көш бастап тұрған Biodock компаниясы ($20 млн valuation) жайлы сөз қозғадық. Ғалымдар неге кәсіпкер болуы қажет? Күрделі ауруларды қалай AI арқылы емдеуміз? Қазақстанда қандай мүмкіндіктер бар? тағы сол секілді сұрақтарды жеңінен жауап іздеуге тырыстық. э Онлайн математикалық тренажер: www.qalan.kz Nurlybek: https://www.instagram.com/nurlybek_mursaliyev/ Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live 00:00 Тизер 01:45 Таныстыру 03:10 Неге биология? 13:40 Құлдық мәселесіне қатысты 16:20 Университтетік өмір 20:30 Бактерия және ДНК 24:00 Адамға эксперимент жасау 26:00 Эксперименттер қалай жасалады? 30:40 Протеинді зерттеу жұмыстары 33:12 PhD-ге қалай түсуге болады? 40:20 Жапон мұғалімімен жұмыс жасадық.. 43:40 Жасуша деген не? 50:20 Эксперименттен туған қой жайлы 54:10 ЭКО 58:00 Тышқанмен эксперимент жасадым.. 1:06:00 PhD қорғау қалай жүреді? 1:10:10 Қызықты кейстер 1:13:10 Ғылымнан бизнеске көшу 1:25:00 Дәрі шығару саласы 1:32:00 Күрделі ауруларды AI-мен зерттеу 1:33:20 Бизнеске идея қалай туды? 1:42:00 Инвест фондтар туралы 1:52:00 Азулы инвесторлар 1:59:00 Ірі компаниялар туралы 2:01:00 Қашан елге ораламын? 2:03:25 Алдағы жоспар туралы 2:11:00 Ғылым мәселесін Қазақстанда өзгерту 2:21:21 БЛИЦ!
7 272
9
Нұрлыбек Мүрсәлі: Атыраудан Stanford-қа, АҚШ-тағы 15 жыл, $20 млн бизнес / Narikbi LIVE #98 Бүгінгі қонағымыз Stanford университетінің түлегі, биотехнология PhD, ғалым әрі кәсіпкер - Нұрлыбек Мүрсәлі. Осы сұхбат барысында біз Нұрлыбектің Атыраудан Америкаға жолын, ғылыми зерттеулер жолында өткен қызық оқиғаларын талқылап шықтық. Тағы біз Нұрлыбектің АҚШ нарығында көш бастап тұрған Biodock компаниясы ($20 млн valuation) жайлы сөз қозғадық. Ғалымдар неге кәсіпкер болуы қажет? Күрделі ауруларды қалай AI арқылы емдеуміз? Қазақстанда қандай мүмкіндіктер бар? тағы сол секілді сұрақтарды жеңінен жауап іздеуге тырыстық.
Show more ...
9 277
9
Азамат мырзаның подкастын кім қарап үлгерді? Қалай әсер етті? Кім енді ерте оянамын деп шешті? 😅
5 978
2
Бүгінгі жетістігім - теледидарға шықтым 😆 Ал күміс құтты болсын! Демеу жарайсың 💪
6 299
5
Азамат Скаков: сынық адамнан толық адамға дейін / Narikbi LIVE #97 Подкаст қонағы коуч, кітаптар авторы - Азамат Скаков. Біз Азамат мырзамен оның өмірлік жолын басынан қазіргі күнге дейін айтып өттік. Сынық адамдар (broken people) кім? Ата-анамен қарым қатынас өмірізге қалай әсер етеді? Ұйқыны қалай дұрыстаймыз? және тағы да басқа маңызды тақырыптар қозғалды.
11 178
51
Бүгін Олжас Ханафин ұстазымыз 34 жасқа толу керек еді. Әттең.. Маған біраз кісі неге Олжекені подкастқа шақырмағансыз деп сұрап жатыр. Негізі, подкаст басталғалы бері менде шақырғым келген адамдардың тізімі болатын. Ол тізімде Олжеке бірінші күннен бері бар еді. Біз 2021 жылы подкаст жазғанда видеоға түсіреміз деп жоспарлап қойып еді. Кейін мен Амстердамда, Олжеке Ыстамбұлда болды. Ал осы жазда Алматыда болғанымда, Олжеке сыртқаттанып қалды. Мен шынын айтсам Олжекені осы ауруды жеңіп, арамызға қайта оралып, осы туралы подкаст түсірсем ба деп едім. Расымен, бұл подкаст арқылы қаншама осындай хәлде жүрген адамдарға көмек бола ма деп едім. Кеше Олжас Бейсенәлі ұстазбен сабақ өтіп отқанда қызық факт түсіндік, Олжекені еске түсірген адамның бәрі бірінші кезекті ол кісінің көркем мінезі, жұмсақтығын алға тартады. Бізге, әсіресе маған жетіспейтін кейде қасиеттер. Бұдан шығатын түйін - біз қандай жолда жүрсек те, жұрт алдында мінез құлқымызбен есте қаламыз. Соған назар аударайық. Бүгін жұма ғой. Олжас Ханафин бауырымызға бір дұға, Фатиха оқып қойсаңыздар. Жұма қабыл болсын.
Show more ...
13 556
16
Айдар Баймахан: сауда неге түсіп кетті, кәсіпкерлер дәуірі, болашақтағы бизнестер / Narikbi LIVE #96 Подкастта бүгін белгілі кәсіпкер, бизнес консультант әрі инвестор - Айдар Баймахан. Біз Айдар мырзаның 17 жылдық тәжірибесінің негізінде еліміздегі көп кәсіпкердің көкейіндегі сұрақтарға жауап беруге тырыстық. Неге сауда түсіп кетті? Бизнеске қайдан ақша алса болады? Білімді қайдан аламыз? - деген секілді тақырыптарды кеңінен аштық. Ең маңызды тақырыптардың бірейгейі - болашақта қандай бизнес түрлерін жасауымыз қажео және неге бұл дәуір - кәсіпкерлер дәуірі.
Show more ...
7 196
8
Бүгін белгілі ұстазымыз Олжас Ханафин бауырымыздың Раббысына қайтқаны туралы хабар жетті. Айтарға сөзім жоқ.. Аллахтан күнәларынын кешіріп, Фирдаус жаннатын нәсіп етсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз. Олжекені танымайтын кісілерге - біз осыдан бірнеше жыл бұрые Олжекемен подкаст та жазып едік.
Подкаст #15 - Еуропа жастары, некесіз махаббат, ҰБТ, ТikTok зияны | Ханафин Олжас | Нәрікби Мақсұт
Mihrab Podcast жобасының кезекті саны көрерменге жол тартуға әзір. Шәй үстіндегі әңгіменің бұл жолғы санында Ислам дініндегі жастық шақтың маңызы тақырыпқа арқау болды. Атап айтқанда, жастық шақтың мәні мен маңызы, ұлы тұлғалардың жастық кезеңінен ғибратты әңгімелер, жасөспірім шақта жиі кездесетін қателіктер мен жастарға қажет құнды кеңестер айтылды. Тақырыптың көрігін қыздыруға НМУ түлегі, болашақ исламтанушы, жастарға қажетті көптеген діни марафондардың авторы, қазіргі таңда Түркия елінде діни ілімін шыңдап жатқан Олжас Ханафин @olzhas_hanafin мен әлемге әйгілі Booking компаниясының қызметкері, iOS Developer, қазақтілді аудиоподкасттың дамуына айрықша үлес қосып жүрген Нәрікби Мақсұт @narikbi бауырымыз келді. Бұл подкасттың ерекшеліктерінің бірі қос қонақта шетелде тұрады. Сәйкесінше еуропалық жастардың қазіргі болмысы мен өмір сүру дағдылары, шетелге көшкісі келетін жастарға қатысты түрлі кеңестер айтылды. 00:00 Анонс 01:25 Қонақтарды таныстыру 02:27 Ислам дінінде жастық шақ туралы не айтылған? 06:30 Қазіргі тренд нәрселер жайлы 9:30 Жастық шақтың адам өміріндегі маңызы 16:15 Жастайынан ерекшелігімен тағайындалған діни тұлғалар 21:00 «Олжас деген бауырым бар..» 22:50 «Менің ұстазым жасы 17-де...» 29:25 Қазақтың жастайынан танымал болған тұлғалары бар ма? 36:20 Еуропаға кеткісі келетін жастарға кеңес 48:03 Америкада жұмыс жасаған өзбек жігіттің оқиғасы 52:42 Еуропадағы түрік ағайындардың жақсылығы 54:50 Үлкейген соң намаз бастаймын дейтіндерге 1:00:00 «Шаруаларыңды намазға қарай ретте..» 1:03:45 «Дінің жұмысыңа нұқсан әкелмесін..» 1:07:15 Қазіргі жастар намаз бастауға неге қорқады? 1:12:25 Жастардың көбі атеизмге неге бет бұрып жатыр? 1:18:00 «Ата-бабам мұсылман болғаны үшін мұсылманмын..» 1:23:25 Атеисттердің арасында жүріп ислам қабылдаған инженер 1:26:25 «Медресеге барып жүріп атеист болып кеттті» 1:29:20 Тиктоктың пайда-зияны қандай? 1:38:30 «Михрабқа лайк басыңыздар..» 1:42:35 Адамға жиі идея келетін орындар 1:48:00 Өзің қаламаған мамандыққа оқуға түсу 1:51:00 Gallup тестінің ерекшелігі 2:00:40 Грантқа түсе алмай қалу проблема ма? 2:08:05 Биыл діни оқуға түскен шәкірттер тыңдасын 2:13:15 Студенттерге ағалық кеңестер Ислам ақпараттық ағарту порталы Алматы қаласы instagram.com/mihrab.kz
7 498
6
5 779
1
Олжеке
5 653
0
Роза Аширбаева: лудоман отбасы, әйелдің жұмыс жасауы, феминизм / Narikbi LIVE #95 Бүгін бізде қонақта белгілі кәсіпкер, коуч, әрі блогер - Роза Аширбаева. Роза ханыммен әйел теңдігі мәселесі, лудоман отбасылардағы жағдай, мемлекеттік PR қаржылық сауат және т.с.с. тақырыптарды қозғадық.
7 527
18
Көк туымызды арнайылап Қазақстаннан алдыртқанмын кезінде. Евро 24 алып келу бұйырыпты
6 000
2
ChatGPT-мен қазақша сұхбат / Асхат пен Арман / Narikbi LIVE #94 Бүгін бізде ерекше эпизод, себебі біз қонаққа ChatGPT шақырдық. Иә-иә, дәл сол ChatGPT бүгінде қазақша сайрап тұр. Және де біз силикон алқабында (АҚШ) жасанды интеллект саласының мамандары, Meta компаниясында Fundamental AI Research айналысатын - Арман Жармағамбетов және Coupang (ex Meta, Snap) компаниясындағы Machine Learning инженері - Асхат Ахметжановты шақырдық. Бұл подкастта біз бұл технологиялар қалай жасалғаны, әлемге әсері мен бұл арқылы тіпті қалай табыс жасауға болатынын да талқыладық. Эксперименталды шығарылым болғанымен, өте пайдалы әрі қызықты шыққан деген үміттеміз.
Show more ...
6 425
12
Салем достар, Біздің подкастымыздың бір негізгі тақырыптарының бірі - ол қаржылық сауаттылық. Бұл тақырыпты қанша қозғасаң да аз болмайды. Әр қазағым қаржы жағынан тәуелсіз болып, бай болғанын қалаймын. Ал Данияр Жігітбек досымыз сол туралы тіпті "Қаржы қағидалары" кітабын жазып та шыққан еді. Бұл тақырыптағы қазақ тілінде ең сатылымы көп кітаптардың бірі деп естідім. Енді Даке осы кітабына қол жете алмай жүрген мен сияқты аудиалдарға осы кітаптың тегін аудио нұсқасын жасап жатыр екен. Нағыз жанашарлық пен елге қызмет деп осыны білем. Қысқасы, келесі сілтемеге өтіп, қолдап қояйық. t.me/qr_zhi
Show more ...
"Қаржы қағидалары" тәпсірі
Бұл каналда Данияр Жігітбек өзінің "Қаржы қағидалары" кітабында қозғалған тақырыптарды аудио түрінде тәпсірлеп, түсіндіреді. Кітапты оқу бір бөлек, оны ауызекі тілде түсіндіру бір бөлек. Каналдағы барлық аудио жазбалар тегін. Сақтап, тарата беріңіздер.
6 011
7
100k Менің 2024 жылдың соңына дейін мақсатым - ютубта 100k оқырманға жету. Шын айтсам, қиын болатын секілді, бірақ өзіме қызық челлендж болайын деп тұр. Ал сіздер маған көмек бере аласыздар. Қалай? Егер арнаға тіркелмегеніңізді байқасаңыз, тіркеліп қойыңыз. Ал таныстарыңыздың тіркелмегенін көрсеңіз, ескеріп қойыңыз. Сіздерге қызық болу үшін, инстаграм сториста өз достарыңызға үндеп жіберсеңіз, біз өз парақшамызға онымен бөлісіп тұрамыз. Ең белсенділерге менен сыйлық: кітап, кружка, рюкзак, т.с.с. Ал есеп үшін мен әр айдың 25 күні мақсатымызға қаншалықты жақындап қалғанымды осында салып отырамын. Жете аламыз деп ойлайсыз ба?)
Show more ...
5 219
0
Данияр Жігітбек: Жапония мен жаңа ұрпақ / Narikbi LIVE #92 Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жарты жылдық подкастымызды қабыл алыңыздар. Бұл жолы біз Даниярдың Жапония сапарынан алған әсерін, мәдениетінің ерекшелігін, үйренуіміз қажет тұстары мен біздің жаңа өсіп келе жатқан ұрпақтағы тенденциялар мен проблемаларын талқылап шықтық. https://youtu.be/FCv6W2rWJOk
15 425
17
Біз Қанат ағамен осыдан үш жыл бұрын карантин кезінде алғашқы рет подкаст жазып көргенбіз. Ол кезде Қанеке Астанада жаңа университет ашып, СДУ ректор болып үлгерген еді. Сол кезде маған бірнеше кісі шығып, осы подкасттан соң мүлдем бағытымды ауыстырдым немесе ғылымға қайтадан келдім деп жазып еді. Бұл үш жылда Қанат мырза тағы екі университет басшылығында болып үлгеріп, жеке меншік мектеп ашып та қойған. Айти мамандар ірі компанияларда ғана болу керек деген ұстанымды құлаққа аспай, расымен білім саласын өзгертуге тырысып жүрген адамдарға ерекше құрмет білдіремін. Бұл подкасттар әдетте көп қаралым жинамайды, сол үшін коммент жазып, лайк қойсаңызды бізге көп көмек болар еді. Рахмет 🙌
Show more ...
6 023
5
Қанат Қожахмет: ең жас ректор, ғылым неге өзекті емес, алтын белгі кімге керек? / Narikbi LIVE #92 Подкаст қонағы белгілі білім эксперті, еліміздегі ең жас ректорлардың бірі - Қанат Қожахмет. Қанат мырза СДУ, Astana IT University, Narxoz университеттерінде ректорлық қызметін атқарған. Одан бөлек Skillset жеке-меншік мектептерінің негізін қалаушы. Бұл подкаст - Қанат мырзаның 15 жоғарғы және орта білім саласындағы 15 жыл бойы жинаған тәжірибесін мен сараптамасын талқыладық.
Show more ...
5 034
8
Айт қабыл болсын! Шалған құрбандарыңыз қабыл болғай 🤲
5 036
0
Раиса Қадыр: 20 жыл шетелде тұру, 7 тіл меңгеру & кітап баспасын ашу / Narikbi LIVE #91 Бұл подкаст қонағы Steppe & World баспасының негізін қалаушы - Раиса Қадыр. Бұл жолы біз Раиса ханым 2018 жылға дейін 20 жылға жуық Мысыр, Түркия, Германия, Нидерланд, Англия, Моңғолия елдеріндегі өмірі, бұл жолда 7 тілді жетік меңгергені мен осы жолдың кітап баспасына алып келгені туралы сөз қозғадық.
9 977
22
Shorts Біздің ютубқа көшкенімізге 2 жылдан асты. Көрсеткіштеріміз жаман емес болса да, бір проблеманы шеше алмай келеміз. Ол - YouTube shorts. Неге екенін білмеймін, бірақ қаралым мен лайк өте аз жиналады. Тура сол формат рилс пен тиктокта өте жақсы көрсеткіштер береді. Қазір түрлі форматтарды тексеріп жатырмыз, алайда сіздерден бір көмек керек. Төмендегі сілтемедегі және арнадағы басқа шортстарды қарап, лайк басып шықсаңыздар. Рахмет!
Show more ...
НЕГЕ ӘЗІЛДЕР ЦЕНЗУРАДАН ӨТУ КЕРЕК? #narikbilive #руслантай #юмор #стэндап
6 558
3
Қайтпайды эй)
6 004
1
Қолдап жіберуге арналған видео

Teaser_eps90.m4v

6 405
1
Руслан Тай: цензура шекарасы / Narikbi LIVE #90 Бүгінгі подкаст қонағы белгілі стендап-комик - Руслан Тай. Русланмен бірге біз қазіргі цензураның шекарасын іздеп, сөз бостандығына әзілдің қандай әсер бар екенін анықтап көрдік.
6 415
7
Басқа басқа, есімімді Әліпби дегенді алғаш рет көріп тұрмын. Әліпби лайв - қалай кетті? 😉
7 383
9
Жақында подкасттық тәжірибемнің негізінде қызық бір формула таптым. Ең сәтті шыққан шығарылымдардың кейіпкерлері - орныққан жүйеге қарсы шығып, оны оңай ұта алмайтынын түсінген адамдар. Бұл тұста олар оны мүлдем басқа, төте жолмен жеңуге тырысқан. Бүгінгі Асқар мырзаның жолы дәл осы формулада жасалған. Мектептегі қарапайым математика мұғалімі болые жүрген Асқар - әділетсіз, жемқор жүйені көргенде, оны өзгертем деп жұмыстан қуылады. Әйтседе, бұл білім теңсіздігі ішін мазалап қоймайды. Сол мәселемен дерттеніп жүрген ол - бұны жаңаша, технология жолымен шешем деп ойлайды. Алайда, ол шешімін мемлекет тегін берсе де алмайды. Өз идеясына сенімі азайған Асқар бұған соңғы үмітін беріп - бұл жолы идеясы сәтті шығып, айына 1 млн доллар айналымы бар, Қазақстан нарығын жаулап алған, шетелдік елдерге экспансия жасаған компанияны шығарады. Бұл әңгімеміздің бір жақ шеті ғана. Асқар мырзаның жолын толығырақ подкастта әсерленіп қарайсыздар деп сеніммен айта аламын.
Show more ...
4 526
3
Асқар Болат: математика мұғалімінен $1 млн айлық оборот компанияға дейін / Narikbi LIVE #89 Бүгінгі подкаст қонағы математика мұғалімі әрі кәсіпкер - Асқар Болат. Асқар мырза онлайн математика оқыту орталығының негізін қалаушыларының бірі. Бұл подкастта мектептегі математика мұғалімінің білім жүйесін өзгертуге талпынысы, жемқорлықпен күрем және т.б. тақырыптар қозғалды.
4 178
13
КітапАл-ға қонаққа келдім ал. “Нәрікбиден келдім” - деп жазасыздар ғой, иә? 😉
5 689
0
https://youtu.be/wzWfIzgPU9A?si=w0TDP5qAYXYXVMoS
Нәрікби Мақсұт: 200 рет отказ алсам да, ақыры Booking.com-ға жұмысқа тұрдым | Kitapal podcast #27
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов IT бағдарламалаушы, Booking.com компаниясының қызметкері Нәрікби Мақсұ...
5 451
18
Алматыдағы жаңалықтардан: сенбі күні Beeline Қазақстан компаниясының шақыруымен beetech conf атты көп салалы IT конференциясына қонаққа бардым. Бұл іс-шара осымен төртінші жыл өткізіліп келе жатыр. Бұл жолы қазақстандық IT мамандармен қатар, шетелдік ірі NVIDIA, Tinkoff, Avito сынды компаниялардың мамандары тәжірибелерімен бөлісті. Биылғы жылдың баяндамалары: менеджмент, Engineering және Big data бағыттарына арналды. Ерекше есте қалғаны, QazCode (Beeline Қазақстанның IT-компаниясы) NVIDIA технологиясы негізінде AI өнімдерін әзірлеуге арналған Орталық Азиядағы алғашқы GPU желіде сақтау жүйесінің құрылатынын хабарлады. Жалпы, Beetech conf секілді конференцияларға қатысып қана қоймай, пайдалы нетворкинг жасауды ұмытпаңыздар. Өз басым біраз таныса алмай жүрген адамдармен көрісе алдым. P.S: Конференциядағы баяндамаларды арнасынан қарай аласыздар
Show more ...
7 521
7
Тизер қолдау.

IMG_1036.M4V

6 027
3
Рахима Куандыкова: психологтар психологы / Narikbi LIVE #88 Бұл подкаст қонағы халықаралық реестр психотерапевті - Куандыкова Рахима Жолтановна. Рахима ханым 18 жылдық психотерапия тәжібиресімен 300 астам психолог мамандарды оқытып, халықаралық нарықта сұранысы бар түлектер шығарған. Шығарылымда көпшілікке психология тақырыбында көбіне қозғала бермейтін тақырыптарды талқылауға тырыстық.
6 139
13
Таак, дыбыста бір ақау бар екен, дүйсенбі қайта шығарамыз)
5 472
0
Салем, достар. Бұл подкаст мендегі біраз қатпарларды өзгерткен шығарылым болды. Рахима ханым - бұл халықаралық аренада өзін дәлелдеген психотерапевт маман. Шынымды айтсам, бір подкастқа тым жазып қойдық па десем, оның өзі 2 сағатқа келіп қалыпты. Осындай шын эксперттердің көбірек танылғанын қалаймын. Сіздерден лайк, коммент күтем қысқасы)
304
0
Тизер

IMG_1036.M4V

643
0
Рахима Куандыкова: психологтар психологы / Narikbi LIVE #88 Бұл подкаст қонағы халықаралық реестр психотерапевті - Куандыкова Рахима Жолтановна. Рахима ханым 16 жылдық психотерапия тәжібиресімен 300 астам психолог мамандарды оқытып, халықаралық нарықта сұранысы бар түлектер шығарған. Шығарылымда көпшілікке психология тақырыбында көбіне қозғала бермейтін тақырыптарды талқылауға тырыстық.
669
3
Оффлайн кездесуге келгісі келіп жүрген жандарға, ертең (27 сәуір) 20:00 атты жобаның ұйымдастыруымен өтетін іс-шараға келсеңіздер болады. Толық ақпарат үшін:
Improvisio (Opportunities)
#improvisio #мероприятие #анонс #партнеры #divirgents #алматы В Январе 2022 года, мы в Казахстане все прошли крайне экстремальную встряску и в то время у всех были огромные проблемы с интернетом и связью🛜 В это же время Нарикби Максут и Максат Кадыров помогали тысячам Казахстанцев на бесплатной основе и со сбора средств поддерживать связь с родными во всех странах мира. Именно этот самый человек, который является членом рейтинга Forbes 30 Under 30 и также IOS разработчиком в Booking.com выступит и расскажет вам, как получить стажировку и работу в крупной зарубежной компании. На этом мероприятии в Городе Алматы вы сможете получить ответы на все свои вопросы про карьеру зарубежом и также получить консультации от специалистов компании Divirgents.kz Узнать подробности и записаться вы можете по ссылке ниже: https://www.instagram.com/p/C6LMSinNrX6/?igsh=Zjd5Ym5ja2M0aXFp Для записи и вопросов: @justolzhas12
7 009
18
Кейде өзіме керек ақпараттарды қазақ тілінде табу қиынға түседі. Шыны керек, қазақ тілі әлі де бұл тұрғыда көш соңында келеді. Алайда, жақында Яндекс Поиск-ты тексеріп көрдім. Нәтижесі мені таңқалдырды, қазақша ақпараттарды тез әрі сапалы түрде тауып алдым. Осыған өздеріңіз көз жеткізу үшін Яндекс арнайы науқан жасауда. Ұялы телефоныңыздағы браузеріңіздің іздеу жүйесін Яндекс-ке өзгертіп, теңгерімге қосымша сый ретінде Осы науқан туралы толығырақ ақпаратты мына 👉🏻 таба аласыздар. Назарларыңызға көп рахмет!
Show more ...
7 428
19
Алматы Салем, мен сүйікті қалам Алматыдамын. Екі күн бұрын ұшып келдім. Ұлымыз алғашқы рет Қазақстанды көрді. Әзірге реакциясы жақсы 😄 Осында екенімді байқаған кейбір оқырмандар кездесу ұйымдастырасыз ба деп жазып жатыр. Негізі, жақсы ұйымдастыратын азаматтар болса, әрине барғым-ақ келеді. Әсіресе, университет қабырғаларында өткізу қызық болып тұр. Қысқасы, нақты ұсыныстар түскенде осында жаза жатармын.
9 050
15
Салем құрметті оқырман, Елімізде болып жатқан апаттарға байланысты баршамызды бірлесіп көмек беруге шақырамын. Әзірге мен білетіндерден "Biz bizgemiz" қоры көмек беріп жатқанын көрудемін. Аз да болса, көмегімізді білдірейік. Дұғада болуды да ұмытпайық. Рахмет. Каспиге сілтеме:
10 215
6
Үміт Бүгінгі эпизод мен үшін маңызды шығарылымдардың бірі. Екі жыл бұрын мен білім саласының эксперттерін іздеуде едім. Сол кезде бірнеше адам Аралбек мырза туралы айтты. Кейін бизнесмен Айдын Рахимбаев өзі оқыған Абай облысындағы Құлынжол ауыл мектебіне жаңаша мектеп директорына іздеу салады. Үлкен конкурстан Аралбек мырза өтіп шығады. Алайда, Аралбекке Астанадағы физмат мектепке директор болуға ұсынып түседі. Бірақ, ол ауыл мектептерін көтеру маңыздырақ екенін түсініп отбасысымен ауылға көшеді. Ол комфортта қалалық топ мектепті басқарудың орнына, қарапайым ауыл мектебін таңдады. Бұл подкаст - үміт туралы. Аралбек мырза ауыл мектебін қала деңгейіне көтеру үмітімен кетті. Алайда, шын өмірді өзгеше болады. Бірақ, ол өз миссиясында берік болды. Екі жылда не өзгергенін осы подкасттан біле аласыздар. Мен жазған подкасттардың ең қызықтарының бірі деп осы деп айта аламын.
Show more ...
10 054
2
Тизермен бөлісіп кетіңіз

Teaser.m4v

6 532
2
Қаладан ауылға. Мектеп директорының оқу жүйесін ауыстыру жолы / Аралбек Берікұлы / Narikbi LIVE #87 Бүгінгі подкаст қонағы математика пәні мұғалімі, Казнаковка орта мектебінің директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері және 3 кітаптың авторы - Аралбек Берікұлы. Аралбек Астанадағы жоғары лауазымды қызметін тастап, ауыл білім берудің деңгейін көтеру мақсатында Абай облысы Құлынжол ауылына көшіп, жергілікті орта мектептің директоры атанған. Бұл подкастта Аралбек мырзаның ауыл мектептерінің шын жағдайын, білім берудегі қиыншылықтар мен мүмкіндіктер және ауыл мен қала оқушыларының армандары мен мақсаттарын талқыладық.
Show more ...
7 758
18
көзілдірікті қалдырамыз ба, қалай?)
7 743
2
Тизер.

IMG_0772.M4V

8 606
4
Бүгінгі подкаст қонағы білгілі исламтану саласының магистрі, кітаптар авторы - Абылай Кенжалы. Біз Абылайдың жазған кітаптарын талдып, өзекті тарықыптарды бөліп алып, талқылауға тырыстық.
38 936
70
Last updated: 11.07.23
Privacy Policy Telemetrio